Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Күніне бір комплимент": Бүркіт әйел адамның көңілін қалай табу керек екенін айтты

Белгілі әнші Бүркіт әйелінің көңілін қалай табатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі ер адамдарға ақыл айтып, жазба қалдырған. Күнің жақсы өтсін десең, әйеліңе жылы сөз айт, жарыңды мақта деп кеңес берді ол. Осылайша әйелдің көңілін табуды үйреткен Бүркіт жұрттың назарына ілінді.

"Әйел адамға күніне бір жақсы сөз ( комплимент) айтып қойсаң, сол күнің тамаша өтетініне күмән жоқ. Кешкі асың да, өзіңнің көңіл-күйің де. Осыдан бастаңдар. Күніне бір комплимент! Сенбесеңдер, айтқанымды істеп көріңдер", - деп жазды Бүркіт.

Бұны көрген желідегі жұрт өнер иесіне жарыса пікір жазып, ойларын ортаға салуды ұмытпаған. Оларға әншінің әсерлі сөздері ұнап қалған болуы керек, жағымды пікірлердің қатары көп.

"Арасында құшақтап, қысып тұру керек", "Қазақтың жігіттері керісінше бір боқтап қойғанды ұмытпайды", "Ұл-қыздарыңның қызығын көріңдер", "Бүркіт мырза, әдемі әрі ақылды әйеліңіз бар. Қадірлей біліңіз", "Бақыт тілемін сіздерге", - десті олар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр