Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күн суытады": Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Казгидромет алдағы үш күнде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыстан суық антициклонның келуіне байланысты 23-25 ​​ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады. 

Гидрометеорологиялық орталықтың хабарламасында 25 ақпанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен түнде жауын-шашын, күндіз - жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауып, көктайғақтың күтілетіні айтылған.

Республикада тұман, екпінді жел болып, 24 ақпанда күндіз оңтүстікте найзағай ойнайды.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 0-15-тен -5-23-ке дейін, солтүстік-батыста -7-15-тен -17-28-ге дейін, солтүстікте және орталық +1-13-тен -13 -25, шығыста 0-13-тен -6+2-ге дейін болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 0+8-ден, -2-13-ке дейін болады. Таулы аймақтарда 0-5, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында -5 -13, күндіз +7+21-ден -6+7-ге дейін күрт төмендейді.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 22 Ақпан, 2023 13:11
Талқылау