Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Күн сәулесімен нұрланған жол»: Назарбаевқа арналған операға қатысты пікірталас туындады

Елбасына арналған «Күн сәулесімен нұрланған жол» операсына қатысты шыққан пікірталасқа туынды авторының анасы - мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исімбаева жауап берді. Ұлы Рахат-би Әбдісағынның бұл еңбегін «Астана Опера» ұжымы Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай қояды екен деген ақпарат шыққан. Алайда вице-спикер бұл туралы тіс жармады. Тек ұлының туындысына оң бағасын берді.

«Күн сәулесімен нұрланған жол»: Назарбаевқа арналған операға қатысты пікірталас туындады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Журналистер вице-спикер Гүлмира Исімбаевадан ұлының мұндай опера жазғанына қалай қарағанын сұрады.

«Жақсы қараймын. Қалай қарасыз деп сұрадыңыз. Жақсы», - деп қысқа қайырды Исімбаева. 

Рахат-би Әбдісағын «Жүз жаңа есім» жеңімпаздарының бірі ретінде Тұңғыш президенттің алдында өнер көрсеткен еді. Ал екі айдай уақыт бұрын Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, елбасының өзіне арналған «Күн сәулесімен нұрланған жол» атты екі сағатқа созылатын операсы туралы айтқан-ды. 

Мәдениет министрі өнер ұжымы операның партетурасымен танысып жатқанын жоққа шығармады.

«Бұл әлемдік тәжірибе. Онда тұрған ештеңе жоқ. Нақты қоямыз не қоймаймыз деп айта алмаймыз. «Астана Опера» театрының өз жоспары бар. Сондықтан театр бекітіліп қойған тізім бойынша жұмыс істейді», - дейді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова. 

Талқылау