Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қазақстандық синоптиктер 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері елімізде күн салқындап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс бөлігіне ығысып, соның әсерінен еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймақтарында бұлтты, жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Сонымен қатар ауа температурасы төмендейді. 

«Жексенбі күні атмосфералық фронттар солтүстік, орталық және оңтүстік, ал дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жетіп, бұл аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды. Алайда демалыс күндері жылы болады», - дейді синоптиктер. 

Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда максималды ауа температурасы +30-38°С, климаттық нормадан 4-8°С жоғары болады деп болжанады.

Талқылау