Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күлген, шыңғырған дауыстары мазаны алды": Сарыағаштағы қонақ үй жезөкшелер ордасы болып келген

Сарыағаш қаласының қақ ортасында қонақ үй мен сауна ретінде жұмыс істеп жатқан нысан бірнеше жылдан бері нағыз жын-ойнаққа айналған. Жұрт сонымен күресіп жүргенде қонақ үйдің қожайыны көшені жауып тастап, қосымша құрылыс салуды бастап жіберіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

сарыагаш

Сарыағаштың қақ ортасындағы «Айсберг» қонақ үйін халық жезөкшелер ордасы ретінде таниды. Кештен таңға дейін қысқа киінген сылқымдар мен шөлмектертің сыңғыры, еркектердің былапыт сөздерін естиміз дейді тұрғындар. 

"Қыздардың күлкісі, шуылы, шыңғырған дауысы мазамызды алып бітті, үш жылдан бері. Одан бері мына жерді жауып қойды шифермен. Су ақса, жаңбыр болса, қар болса, есігімнің алды суға толады. Бұның еш амалын таба алмадық.Әкімшілікке бардық, қалалық әкімшілікке бардық", - дейді Сарыағаш қаласының тұрғыны Гүлжанат Кәдешова.

Елдің айтуынша, мұнда ақылы махабат ұсынатын кем дегенде 8 қыз бар. Көруге көз ұялып, естуге құлақ қызаратын әрекеттерден ұяла-ұяла ашуға булыққан жұрт әкімдерден полицияға дейін жазып, нәтиже шығара алмай жүр. Сөйтсе қыздар тексерушілер әрекетін көрші дүкеншілерге: "біраз мемлекеттік қызметкерлер келді. Бізге салық салды, 25 мың теңгеден, біз,  сегіз қыз 200 мың теңге бердік. Бізді жаппайды"- деп айтып береді екен.

Жаппақ түгілі, қонақ үй қожайындары көшенің бойын жер учаскесі ретінде рәсімдеп, көшені жауып тастаған. Сөйтіп жыл басынан бері қонаүйге жапсарлас зәулім ғимарат салып жатыр. Ал тұрғындар қаланың бас жоспарын көрсетіп, бұл өтпелі көше екенін көрсетіп әлек.

Лауазымды, һәм қалталы қожайындар шағымданушы көршілерге «арызданбаңыздар» деп тіпті ақша да бергісі келіпті.

Сондықтан Сарыағашта әділдік жоқ деген тұрғындар бұл мәселеге Кеден комитетінен бастап Бас прокуратураға дейін назар аударуын сұрап отыр. 

Талқылау