Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм инкассаторлардың туысы: Кінәліні жасырып отырғандар оңбайды

8 млн теңге үшін "Қазпоштаның" екі бірдей инкассаторын айуандықпен өлтірген күдікті марқұмдармен бірге жұмыс істейтін адам болуы мүмкін.

Күдікті марқұмдардар өзін көлікпен жеткізіп тастауын сұраған: Екі инкассаторды өлтірген күдікті марқұмдардың танысы болуы мүмкін

Ал, өлтірілгендердің жақындары бірнеше ауыл халқының  зейнетақысын таратуға кеткен екі қарулы азаматты аңшы мылтығымен атқан адамның жалғыз болуы мүмкін емес деп отыр. Оның үстіне бастапқыда 4 адам күдікті болған істі бір ғана адамның мойнына алғаны күмәнді дейді, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Марқұмның бірі 54 жасқа келген Бақберген Байкеев болса, екіншісі 27 жастағы Жасұлан Әділ бірнеше ай бұрын ғана үйленген. Қара жамылған отбасы қаніпезерлердің түгелдей жауапқа тартылғанын қалайды. 

Еске сала кетсек, қанды оқиға 7 маусым күні күндіз болған.

"Осы істе кінәліні жасырып отырған құзырлы органдар болса, олар да оңбайды. Өйткені мұны жасаған адам осындай қылмысқа тағы барады", - дейді марқұмның әпкесі Нәзира Әбирова. 

"Тергеу бастапқыдан өзгеріп бара жатқан секілді. Барлық кінәлі адам жазаланса деп ойлаймын", - деді ағасы.

Инкассатордың қызметтесі әрі көршісі болған басты күдікті аудан орталығынан 30 шақырым жерде көлікті күре жолдан басқа бағытқа бұрған. Арыс қаласынан қомақты қаражатпен шыққан екі инкассатордың танысы сенімге кіріп, көлікті басқа жаққа алып кетеді. Айдала екеуін қарумен басынан атып, сол жерге екі мәйітті тастап кетіпті. Бұл тергеудің дерегі. 

Полиция поштада қызмет ететін 1981 жылғы арыстық азаматтық қамауға алынғанын айтты. Одан аңшы мылтығымен ұрланған ақша тәркіленген. Ол екі әріптесінен өзін барар жеріне жткізіп салуды өтінген, кейін басынан оқ атып, ақшаны жымқырған. Қазір ол "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" бабы бойынша қамауға алынды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр