«Құдайдан қорқудан қалдық»: Семейде әлдекімдер зираттарды тонап жүр

Үй-жайдағы мүлікті емес, қорымдарды қорлап, қоршауларын ұрлаумен айналысқандар қолға түсті. Семей шетіндегі зираттан шойын, темір тонағандар жалпы жиыны 900 мың теңге шығын келтірген екен. Туыстарының рухына тағзым етіп жүргендер күзет сұраса, қорым орналасқан жердің иесі зиратты үлкен қауіп ошағы деп атап, әкімдіктен көмек сұрады.

«Құдайдан қорқудан қалдық»: Семейде әлдекімдер зираттарды тонап жүр

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Семей шетіндегі қорым Павлодарға шығар жолда, қалың орман ішінде орналасқан. Соңғы кездері қайтыс болған туыстарының рухына тәу етіп келгендер қоршаулар сияқты металл заттардың жоғала бастағанын байқапты. Олардың біреуі зейнеткер Зинаида Ручкина. Көз жұмған жолдасының қорымы қорланған соң, егде жасына қарамай күнде келіп, өзге молаларды бақылапты. Үлкен аталары да, ағайындары да осы жерде жерленген екен.

«Басқасын қойып, енді зираттарды тонауды бастаған. Бұл бассыздық. Құдайдан қорқудан да қалдық. Күзет болуы керек мұнда. Вандалдар жазасыз қалмауы тиіс», – дейді қала тұрғыны Зинаида Ручкина.

Тұрғындардың шағымынан соң полицейлер іздестіру шарасын бастаған болатын. Тергеушілердің байқағаны, ұрылар көбінесе тот басқан темірді емес, жақында орнатылған қоршауларға көз салған екен. Келген шығын көлемі 900 мың теңгеден асқан.

«Қылмыс жасап жатқан кезде 24 жастағы және 34 жастағы қала шетінде орналасқан Старая крепость ауылының екі тұрғыны ұсталды. Оның біреуі бұрын осы ұрлық қылмыстары үшін сотты болған. Қазіргі таңда тергеу амалдарының негізінде бұл азаматтардың жасаған 5 қылмысы нақтыланып дәлелденіп отыр», – дейді қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Орман ішіндегі қорым аумағы 100 гектардан асып кеткен. Былтыр ол зират жабылып, жерлеуге тыйым салынған болатын. Молалар тұрған жер жергілікті орман резерватының аумағына кіреді. Орманшылар зират жабылған бетте айналасын қазып белгі қойған. Алайда, тыйымды пысқырмай, қазылған жерді аттап, мәйітті жерлегендер де бар көрінеді. Ал тағзым етіп келушілер төңіректі қоқысқа толтырып, шылым шеккендері өрт қаупін туғызады екен.

«Зираттың орман ішінде болуы өте үлкен қауіп. Біз ол жерді орман қорынан алып, әкімдік балансына өткізуді бірнеше мәрте сұрадық. Тым құрығанда, зират айналасын қоршау керектігін ескерттік. Алайда, ешбір әрекет жасалмады», – дейді «Семей орманы» резерватының бас директорының орынбасары Жұмағали Сағадиев.

Қауіпті зираттан құтыла алмай келе жатқан орман резерватының басшылығы 100 гектар жерді әкімдікке жалға беруге әзірміз дейді. Немесе басқа аумақтар жер берілсе, орман алқабын одан әрі кеңейтер едік деп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Ер адам 8 жыл бойы ми рагымен күрескен