Қуатты үнемдеу, қажетті жабдықты сатып алып, өтемақыға ие болу:
«Жасыл» қаржыландыру туралы не білеміз?
Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы KMF бірқатар жылдан бері Еуропа қайта құру және даму банкінің «GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру» бағдарламасын ұсынып келеді. Ол бағдарлама арқылы энергияны үнемдейтін жабдық сатып алған адамдар экологияға жанашырлық танытып қана қоймай, сол үшін өтемақы да алды. Алайда, бұл Бағдарламаның бірінші кезеңі жақында мәреге жетті. ЕҚҚДБ үш жыл ішінде жобаларды дамытуға 30 млн доллар бөлді, бұл көмірқышқыл газының жыл сайынғы шығарындыларын 200 мың тоннаға қысқартуға мүмкіндік берді. Қуантарлық жайт, бұл бағдарламаның екінші кезеңінің басталуы 27 наурызда салтанатты түрде жария етілді. Бағдарлама 2027 жылға дейін жалғасады, ал жаңа жобаларға 150 миллион доллар бөлінеді. Ал KMF екінші кезеңге де қатысуға ниетті. Айта кетейік, KMF бұл Бағдарламаға Қазақстан бойынша алғашқы болып қатысқан компания.

Кәсібіңізге немесе үйіңізге техника керек пе? Ал оның қуатты үнемдеп, қоршаған ортаға зиянсыз болғанын қалайсыз ба? Сол жабдықты сатып алғаныңыз үшін құнының немесе несие сомасының белгілі бір мөлшерінде өтемақы да алғыңыз келе ме? Бәлкім, сіз мұны «арман» деп атарсыз, алайда жоқ, ол мүмкін. Толығырақ бүгінгі материалымызда.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша, біздің клиенттеріміз құрған кәсіпорындарға 30 мыңға жуық адам жұмысқа тұрған. Біз бұл көрсеткіштің жыл сайын өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. KMF жауапты қаржыландыру философиясын ұстанады, сондықтан 2020 жылы біз GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасына қуана қатыстық. KMF бұл бағдарламаның алғашқы қатысушысы болды және біз оны мақтан тұтамыз", - деді Қарлығаш Райханова.
Алматыда «GEFF II Жасыл экономиканы қаржыландыру» бағдарламасын іске қосуға арналған іс-шара өтті. Оған бизнес өкілдері, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдар қатысты.

Шара барысында "Жасыл экономикаға көшу Қазақстанның қаржы секторын қалай өзгертеді" атты панельдік пікірталаста сарапшылар GEFF бағдарламасы арқылы қаржы секторына ұсынылатын сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылады. KMF Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова KMF-тің 18 жылдан бері ЕҚҚДБ-ның серіктесі екенін атап өтті. Сонымен қатыр, ол компанияның өңірлерде бизнесті дамытуды, шалғайдағы елдімекендерді қолжетімді микрокредиттеумен қамтуды және әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтынын баса айтты.

Айта кетейік, KMF бұл Бағдарламаға қатысқан жылдарда жасыл экономикаға негізделген 1 жарым мың жобаны мақұлдап, кәсіпкерлерге 1,7 млрд теңге несие берген.

"Бұл Бағдарлама арқылы жабдық сатып алғандар өтемақыға да ие болған еді. Алайда өтемақыны бұл Бағдарламаның басты құндылығы деп есептеуге болмайды. Адамдардың қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы білгені бүкіл адамзат, әлем үшін қажет. Бұл бағытта біздің жеке менеджерлеріміздің атқарған еңбегі орасан зор. Олар әр клиетпен жеке кездесіп, сол маңыздылықты жеткізе білді. Осылайша тұтынушылар энергиялық тиімді әрі энергияны үнемдейтін жабдықтар алған. Біз қолдау көрсеткен жобалар арқылы қоршаған ортаға тигізген әсеріміз – 52 мың ағаш отырғызғанмен тең немесе бір жыл бойы Алматыдағы 300 пәтерді жылытумен бірдей", - деп түсіндірді Қарлығаш Райханова.

Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті, оның барысында KMF Еуропа қайта құру және даму банкінен "Микробизнесті және ШОБ-ты қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктес" номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

KMF клиенттері жүзеге асырған үздік жасыл жобалар да құрмет грамоталарымен марапатталды. Солардың бірі – талдықорғандық кәсіпкер Светлана Шин.
Еске салайық, KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады, толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы
«Бұл бағдарлама маған қатты ұнады. Себебі KMF-тің көмегімен бизнесіме қажетті жабдықтарды сатып алып қана қоймай, экологияны жақсартуға өз үлесімді қосуыма мүмкін берілді. Бұл ғана емес, уәде етілген қысқа мерзім ішінде өтемақым да түсті. Құжаттар, рәсімдеу жағы өте оңай, жылдам болды. Екінші кезең бойынша да жабдықтар алуды жоспарлап қойдым, кәсібімді де KMF-пен бірге дамыта бермекпін. Бүгінгі марапат, қоршаған ортаға, клиенттеріне деген сүйіспеншілік пен құрметі үшін KMF-ке мың алғыс», - дейді іскер ханым.

KMF Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова

Қолдауымен дайындалған материал