Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуат Хамитов украиналық қарсыласын сұлатты (видео)

Атырауда Mergen Fighting Championship - MFC 1 турнирінің аясында қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов украиналық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Хамитов

Қуат Хамитов украиналық Роман Головиновпен жекпе-жекке шықты. Жалпы олардың жұдырықтасуы үш раундқа созылады деп жоспарланыпты. Алайда Хамитов өз қарсыласын қылқындыру арқылы жеңген. 

Айта кетсек бұл "Найманның" MMA-дағы 21-ші жеңісі. Бұған қоса, ол жеті рет қарсыласынан жеңіліп, бір рет тең түскен. 

Енді ол Алматыда ресейлік Мариф Пираевпен жекпе-жекке түседі. 

Талқылау