Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Сиви Махмуди жол апатына ұшырады — БАҚ

Әнші Сиви Махмуди өз көлігінің тізгінінде отырып жол апатына ұшырады. Бұл туралы куәгерлер хабарлады. Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан үш көлік зардап шеккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап. 

Сиви

Сурет: Zakon.kz

Жол апатының куәгерлері оқиға орнында түсірілген фото, видеомен бөлісті. Олардың айтуынша, апатқа ұшыраған Porsche көлігінің тізгінінде танымал әнші Сиви Махмуди болған.

Басылым мәліметінше, куәгерлер әншінің екі қолы сынып, басы жарақаттанғанын айтқан.  

Видео кадрларынан зақымдалған екі көлікті көруге болады. Алайда, куәгерлердің сөзінше, апат кезінде үш көлік соқтығысқан. 

Stan.kz редакциясы ақпаратты растау үшін Алматы қалалық полиция департаментіне хабарласуда.

Тағы оқыңыз: Әйелінен шаршаған ер адам барға басып кірген тонаушыға мән бермеді >>>
Талқылау