Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚТЖ басшылығына қатысты 1,5 млрд теңге залал келтіру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

"Қазақстан темір жолы" АҚ (ҚТЖ) басшылығына қатысты 1,5 млрд теңге залал келтіргені үшін тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.

"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас көлік прокуратурасы "ҚТЖ" АҚ басшылығының заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша 1,5 млрд теңгеден астам сомаға залал келген", - делінген дүйсенбіде жарияланған ақпаратта.



Тергеу органы атап өткендей, тергеу іс жүргізу прокурорлары тобының жетекшілігімен жүргізілуде.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 20 Ақпан, 2023 09:45