Соңғы жаңалықтар

Ксения Собчак күйеуін «оңбаған» деп атады

Актер Максим Виторган жұбайы Ксения Собчакпен екеуінің отбасылық өмірі туралы бар шындықты айтты. Ол не себепті әйелімен жанжалдасқанын, сондай-ақ, өзін «оңбаған» деп атаған Ксенияның әрекетін түсіндірді.

8df45756dcf1ef7c7b5488be2cb4a925

Максим Виторган танымал The Question порталына сұхбат берді.

Ксения Собчактың үнемі дау-дамайдың ортасында жүретін танымал тұлға болғандықтан, Виторганға осы төңіректе сауал қойылды. Актер танымалдардың өміріне аса қызықпайтынын, ел алдына тек мәжбүрліктен шығатынын мәлімдеді. Ал әйелінің танымалдылығына қалыпты қарайтынын ашып айтты.

Айтуынша, Собчактың күйеуі атанғалы бері оның айналасында құрмет көрсететін бейтаныс адамдар көбейген. Олар Виторганмен амандасып қана қоймай, қолын алып, бетінен сүюге асығатын көрінеді. Алайда Виторганға бұл жағдай аса ұнамайды. Яғни оның мақсаты – бұл аудитория емес.

«Бұрынғы өмірім болса, олардан қашан едім. Ал енді кем дегенде ел алдында үндемеуді үйреніп жүрмін. Бірақ әйелім мені оңбаған деп атайды. Себебі барлығы менің бет-жүзімнен аңғарылып тұрады», – дейді Виторган.

Ксения Собчак журналист болғандықтан, ол әртүрлі адамдармен байланыста болуға мәжбүр. Бұл жайт ерлі-зайыптылардың арасында дау туғызатын көрінеді. Себебі Ксения күйеуі ұнатпайтын адамдармен үнемі байланысады.

«Турасын айтқанда, сондай адамдардың бірімен, тіпті бір дастархан басына отырмаймын. Ксения кейде мен үшін кешірім сұрайды. Кезінде осы үшін талай рет ұрсып та қалғанбыз. Алайда кейінірек Ксения ол адаммен маңызды ақпарат көзі боғандықтан сөйлесетінін түсіндірді. Ақыры көндім», – дейді Виторган.

Актер Ксения екеуінің ұлы Платон жайында әңгімеледі. Жасы 40-тан асқанда әке атанған Виторган бұл үшін алаңдайтын көрінеді.

Актердің Платоннан өзге де ересек балалары бар.

«Кейбір нәрселер мән-маңызын жоғалтып алды. Әрине, бір жағынан мен сезімтал әрі байсалды бола түстім. Қазір маған жұмсақ ойыншықтар сынды нәрселер әсер қалдыратын болған.

Дүниеге бала келгеннен кейін сенің өміріңде шкала пайда болады. Оған қарап сен уақыттың қалай өтіп жатқанын анық байқайсың. Ұлым 10 жасқа толғанда мен 54-те боламын. Ал мектеп бітірер шағында 60-қа жақындаймын. Осыны ойласам шошимын», – деп ағынан жарылды Максим.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық олигарх Димашқа қыруар қаржы табуға болатын ұсыныс жасады

Дінтанушы: Мешітте той жасаған Қарақатты аяймын

Ол Қазақстанда өсе алмайды: Алуа Қонарова Димашқа Қытайда қалуға кеңес берді

Жаңа отау құрған Дәурен Айдарқұлов алғаш рет жеке өмірі жайында айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр