Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Криштиану Роналду коронавирусқа байланысты карантинге жабылды

Италиялық "Ювентус" клубының футболшысы Криштиану Роналду коронавирусқа байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Роналду

Бұған дейін ол бірге ойнайтын футбол тобындағы Даниэль Руганидің ауру жұқтырғаны анықталыпты. 

Қазір Роналдуның өзі болса, Португалияда екен. Ол бұл жаққа ауруды жұқтырғаны досы жайлы хабар таралмай тұрып келген. 

Айта кетейік, қытайлық індетті жұқтырғандардың қатарында британдық "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артета да бар екен. Бұған қоса Роналду кезінде құрамында ойнаған "Реал Мадрид" карантинге жабылыпты. 

Талқылау