БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Аш сияқтысыз": Анна Данченко роллтон жеп, пойызда "қоян" болған қиын күндерін еске алды

Белгілі тележүргізуші Анна Данченко студент шағын еске алса, роллтон жегісі келетінін, бірақ жемейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Жүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында студент кезіндегі қиын шақтарын есіне алып, халықтың жүрегін елжіретті. Анна ханымның бұрындары билет таппай "қоян" болып, купеден купеге секіріп жүрген кездерін көз алдынан өткізді. Бір қызығы журналиске пойыздың қайнаған тіршілігі қатты ұнап, ерекше әсер етеді екен.

«Пойызбен жүрудің өзі ерекше ләззат сыйлайды. Бұрындары билет таппай, Аралдан Ақтөбеге дейін "қоян" болып баратынмын.  "Қоянның аты қоян" - отыр десе отырасың, тұр десе тұрасың. Сөйтіп, қалаға 12 сағатта жететін едім. Пойыздағы атмосфера ұнайтын: у-шу, шәйдің дәмі басқа, тамақтың иісі, жылап жүрген балалар, "шемішке, темекі, бәліш ..."», - дейді Анна Данченко.

Әке-шешесінің қанша қиналып, қарызға тамақ алып беріп жүргенін де өкіне еске алды ол. Анна Данченко вагонның талай рет жүк қоятын қабатында сөмкесін басына жастап ұйықтаған көрінеді. Орынсыз қалған кезде дәлізде тұрып Ақтөбеге қалай баратынын да жасырмады.

«Бірақ, түнгі рейске отырсаң - кәдімгідей мазаң кетеді. Вагонға кіріп алып, плацкарттағы орындардың бәрі бос емес, кейбіреулердің қырсық болғаны соншалықты, орындарына отырғызбайтын да еді. Кейін, үшінші полкаларға қарай бастадым. Заттар тұратын жерге өзім жатып алатынмын. Басыңа сол зілзала сөмкені қойып аласың да, аяғыңды созып, әлемдегі ең бақытты адамның күйін кешесің. Затыңды үнемі біреу алып кететін сияқты болып тұрады. Сондағы жүгің: май, 5 кг картоп, рожки мен 2 кг ет. "Сол тамақты Ақтөбеден де алуға болатын еді ғой, тасып жүрем ба" деп анама айтып қоямын. "Өзіміздікі дәмдірек" дейтін әкем. Кейін түсіндім ғой, оның бәрін қарызға алып беріп, бөліп төлейтіндерін», - деді Анна Данченко.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Роллтонды жегім келеді, бірақ жемеймін. 😎 Пойызбен жүрудің өзі ерекше ляззат сыйлайды. 🚂 Еріксіз жимиып, купеде тамақтанып отырған адамдарға "Астарыңыз дәмді болсын" дедім. Студенттік шағым еске түсті. Бұрындары билет таппай, Аралдан Ақтөбеге дейін "қоян" болып баратынмын. 🐰Ауылдағы құрбыларымның көбісі Қызылордада оқитын болған соң, Ақтөбеге үнемі жалғыз баратын едім. "Қоянның аты қоян" - отыр десе отырасын, тұр десе тұрасын. Сөйтіп, қалаға 12 сағатта жететін едім. Пойыздағы атмосфера ұнайтын: у-шу, шәйдің дәмі басқа, тамақтың иісі, жылап жүрген балалар, "семечки, сигареты, пирожки ..." Бірақ, түнгі рейске отырсаң - кәдімгідей мазаң кетеді. Вагонға кіріп алып, плацкарттағы орындардың бәрі бос емес, кейбіреулердің қырсық болғаны соншалықты, орындарына отырғызбайтын да еді. Кейін, үшінші полкаларға қарай бастадым. Заттар тұратын жерге өзім жатып алатынмын. Бірдеңе қып жайғасып аласын. Басыңа сол зіл ала сумканы қойып аласың да, аяғыңды созып, әлемдегі ең бақытты адамның күйін кешесін. Затыңды үнемі біреу алып кететін сияқты болып тұрады))) 🤪Сондағы жүгің: шімішкі май, 5 кг картоп, рожки мен 2 кг ет. "Сол тамақты Ақтөбеден де алуға болатын еді ғой, тасып жүрем ба",- деп Анама айтып қоям. "Өзіміздікі дәмдірек",- дейтін әкем. Кейін түсіндім ғой, оның бәрін қарызға алып беріп, бөліп төлейтіндерін. 😍 Жолға Анам пирожки пісіріп беретін. И то оны әлгі үшінші полкада жатып жеп аласын. Дәмі вообще күшті болатын. Тығылып жеген соң шығар ))) Сыртқа шығып келейін деп түссем, астында отырған кісілер " туффф, шаңдаттың ғой" деп ұрысып шыға келетін. Қайтем енді) Ал енді барып келгенше, үнемі бір ер адам жатып алатын, еще и дем арасында ұйықтап қалады. Сөйтіп, проxодта тұрып тұрасың, біреулер шәйға, ал басқалары ролтонға су құйып тұрған кезде, дәмдеуштердің иісі мұрныңды жарып тұрады. Сол лапшаны и так студент болып күнара жейтінбіз ғой, майонез салып, бірақ пойызда жеген басқаша, дәмдірек болып көріне ма, білмеймін. 😁 "Мүмкін Сіз де ішерсіз?",- деді қасымдағы жолаушылар. "Көзіңізге қарасақ аш сияқтысыз",- деп күлді, түрі жып-жылы апа. "Көп раxмет. Тоқпын. Ал көзім, шынымен де "аш", туған жердің көріністерін сағындым", - дедім. ❤️❤️❤️

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)

Анасының тәтті бәлішін есіне алған Анна Данченко пойыздағы кеспенің дәмі де, иісі де ерекше екенін айтты. Туған жеріне деген сағынышы ерекше ару кіндік қаны тамған топырағын сол кездің өзінде қаншалықты сағынатынын жеткізді.

"Мүмкін сіз де ішерсіз?" деді қасымдағы жолаушылар. "Көзіңізге қарасақ, аш сияқтысыз", деп күлді түрі жып-жылы апа. "Көп раxмет. Тоқпын. Ал көзім, шынымен де "аш", туған жердің көріністерін сағындым" дедім", - деп еске алды Анна Данченко.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр