Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қоймалар жойылады": Қорғаныс вице-министрі болашақтағы Арыс туралы

Қорғаныс ведомствосының вице-министрі Бақыт Құрманбаев арнайы брифингте Арыста әскери қоймалар болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бақыт Құрманбаев сондай-ақ алдағы үш күн ішінде оқ-дәрі қалдықтарының жойылу қажет екенін атап өтті.

"Үш күн ішінде снаряд калдықтарынан тазарту жұмыстары аяқталуы керек. Өрттің пайда болу себептерін тергеу тобы анықтайды. Коймалар жойылады, қоймалар болмайды", - деді Бақыт Құрманбаев.

Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Қазақстан қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев жарылыс кезінде оқ-дәрі қоймасының 90 пайызы жойылғанын ресми мәлімдеді. 

Талқылау