Қостанайда су құбыры жарылып, үйлерін су басып қалғандар сұмдық жайтты айтып берді

Коммуналдық апаттың кесірінен ондаған баспана мен аулаларға суық су кірген. Салдарынан қорадағы құс біткен қырылып, тұрғындардың қысқа деп жинаған ішіп-жемі жарамсыз күйге түскен.

Қостанайда су құбыры жарылып, үйлерін су басып қалғандар сұмдық жайтты айтып берді

Сурет: Көрнекі сурет

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қостанай тұрғыны Евгения Танцева апат болған түнді қорқынышпен еске алады. Таңғы сағат төртте ауласын су басып, үйдің ішіне дейін кірген. Танцевтар әулеті көршілерінің айқайынан шошып оянған кезде, қызыл судан баспанадағы  дүние-мүлкін аман алып қалу мүмкін болмағанын түсініпті.

«Үйімдегі ұраны түгел су басты. Едендер босап, үйдің ішінен ылғалдың иісі шығып тұр. Қорадағы тауықтардың аяғы мұзға қатып қалғандықтан, бәрін союға тура келді», – дейді қала тұрғыны Евгения Танцева.

Белгілі болғандай, апат осы жазда қондырылған құбырлардың жарылуынан шыққан. Салқын су жақын маңдағы үйлер, құрылыс нысандарының аумағы мен  түгел көшені басып қалған. Жеті сағат бойы толассыз ағып, жер үйлердің ауласын көлге айналдырыпты.

«Оқиға кезінде мен сасқалақтап, далаға атып шықтым. Қалың қардың астынан бу шығып жатыр екен. Коммуналдық мекеме өкілдері келіп, жағдайымызды сұраған жоқ», – дейді қала тұрғыны Зинаида Митрофанова.

Ал коммуналдық қызметтегілер болса, тұрғындардың бұл сөзін теріске шығарып әлек. Қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын үй-үйді аралап, бәрін тексерген. Бар кінә – су құбырын тартқан мердігер компанияда болып шықты. Енді бұл мекеме сот алдында жауап береді.

«Тұрғындар бізге хат түрінде шағым жазып берсе, біз оны заң жүзінде тексеретін боламыз. Өз кезегімізде, желідегі апатқа кінәлі тарапқа біз де арыз түсіреміз», – дейді қаланы сумен қамтамасыз етуші кәсіпорынның бас инженері Виталий Панаетов.

Қала тұрғындары енді шығын мөлшерін нақты анықтау үшін, ақша төлеп, тәуелсіз сараптама жұмыстарын жүргізуі тиіс. Зардап шеккен жандар қанша қап картоптың бүлінгенін және арам өлген тауық санын есептеуге шығындалғысы келмейді. Мұндағылар қала билігі аулалардың алдына құм төсеп берсе, коммуналдық апаттан үйлерін аман алып қалуға болатынын айтып отыр. Өйткені, жарты жылдың ішінде бұл маңдағы баспаналарды осымен үшінше рет су басып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...