Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда шенділер жәндіктерді улайтын 8 литр қоспаны 2 млрд теңгеге сатып алмақ болған

Қостанай облысында мемлекеттік орган зиянды жәндіктерді улауға арналған 8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: inform.kz

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы комитеттің бірінен инсектицид сатып алу бағасын негізсіз көтеру белгілері анықталған. 

"Мемлекеттік орган 2 млрд 127 млн теңгеден астам сомаға 8 литр инсектицид сатып алуды жоспарлаған. Бұл ретте, лоттың техникалық негіздемесінде инсектицидтер түрлі аумақтарды өңдеу үшін қажет екені жазылған", - делінген ақпаратта. 

Бақытнұр Шерикбай
Сейсенбі, 07 Ақпан, 2023 14:01