Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда ресейлік азамат 11 жастағы қызды тұншықтырып өлтірді

Қостанай облысында Ресей азаматы бірге тұрып жатқан әйелдің қызын өлтіргені үшін сотталады.

Облыстық соттың баспасөз мәліметінше, айыпталушы Ресейде әйел, баласын тастап Қостанайға келеді. Осында бұрынғы әйелімен кездесіп жүреді.

Ол 2018 жылдың 20 мамыры күні бұрынғы әйелінің үйіне келеді. Ертесі күні әйел оған үйі мен баласын табыстап, өзі қалаға кетіп қалады. Осы кезде күдікті қызды жыныстық қатынасқа тартады. 2007 жылы туған қыз ұйқысынан оянып кеткенде, тұншықтырып өлтіреді.

Қыздың денесін Восток ауылынан шалғай жерге апаып тастайды. Тіпті ізін жасыру үшін қыздың аяқ киімінің бір сыңарын ауылдың шетін тастайды. Айыпталушы енді сот алдында жауап береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау