Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптастардың желідегі тобында келіспеушілік болған: Қостанайда полицейдің қатысумен болған кісі өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

Қостанай облысының ДП басшысы Бекет Аймағамбетов ер адамды өлтіру ісі мен полиция қызметкерін тұтқындалуы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кісі өліміне полиция қызметкері - қарапайым бағдарламашы қатысты. Аймағамбетовтың айтуынша, жанжал екі сыныптастың арасында болған. Жанжал 10 адамнан тұратын желідегі топта ушықты.

«Бағдарламашы сыныптасынан қоқан-лоқы ала бастады:« Біз сені кесіп тастаймыз. Дайын бол, тіпті 30 адам аз болады»,«Мен сенің түгіңді қалдырмаймын». Бұл оған жіберілген дауыстық хабарламалардан алынған сөздер.

Тергеу барысында жанжалдың себебі анықталып жатыр. Кісі өлімі 8 наурызда түнгі сағат 3-тер шамасында болды. Бұрын сотталған сыныптасы мас күйінде танысымен бірге полицейдің үйіне келеді. Кездесуге шыққан полиция қызметкері өзінің атына тіркелген мылтықты алып шығып қорқытты. Оқ атып, жәбірленуші сол жерде қайтыс болды.

Полиция қызметкері қамауға алынды. «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жұмыстары бақылауға алынды.

 

Талқылау