Қостанайда ер адам 11 жасар қызды ұрып-соғып, зорламақ болды

Қостанайда белгісіз ер аадм 11 жасар қызға тап беріп, ұрып-соғып зорламақ болған. Абырой болғанда, сол маңдағылар қыздың айқайын естіп, полицейлермен бірге күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда ер адам 11 жасар қызды ұрып-соғып, зорламақ болдыОқиға 2 қазанда күндізгі уақытта орын алған. Полицияға Алтынсарин-Назарбаев көшелерінің қиылысында ер адамның кішкентай қызды ұрып жатқаны туралы қоңырау түстіпті. Оқиға орнына аттанған тәртіп сақшылары соққыға жығылған 11 жасар қызды көреді. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. 

Сол жерде болған әйел қыздың соққыға жығылғанына куә болғанын айтқан. Қорқып кеткен ол айқайлап, көмек сұрай бастапты. Әйелдің даусын естіген жігіттер жүгіріп келіпті. Ал күдікті қашып кетпек болған. 

Алайда жігіттер ер адамның соңынан қуа жөнеледі. Осы кезде полицейлер де келіп жетеді. Олар күдіктіні қолға түсірді.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Көрінеу кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктің Қостанайдың 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол «уытқұмар» ретінде есепте тұр», - дейді полициядағылар.

Бүгінде күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. 

Полиция жәбірленген қызға көмектескендерді марапаттауды жоспарлап отыр.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді
Çàãðóçêà...