Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы жол апаты: Күйеу жігіт ауруханада қайтыс болып кетті

Қостанай облысының Жітіқара қаласында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан күйеу жігіт ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «Қостанай жаңалықтары» басылымына сілтеме жасап.

жол апаты

Еске салсақ, 29 маусымда түнгі сағат 3-тің шамасында ВАЗ 2114 маркалы көлік қатты жылдамдықпен бағанаға соғылған. Көлікте Әзірбайжан азаматы 32 жастағы жүргізуші, 21 және 23 жастағы екі ер адам мен 19 жастағы қыз болған. Жолаушылар ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді. 

Жол апаты салдарынан 3 маусымда 23 жастағы, қыздың туысы көз жұмған болатын. Кеше есін жимаған күйі күйеу жігіт қайтыс болып кетті. 

«Бұл ауыр ақпаратты растаймыз. Дәрігерлер жігітті аман алып қалу үшін барлық шараларды қарастырды. Облыстық ауруханадағы әріптестермен әрдайым байланыста болды. Қолдарынан келгенше көмектерін аямады. Жігітті Жітіқарадан Қостанайға жеткізу мүмкін болмады. Оның қазасы дәрігерлер үшін де, әсіресе туыстарына ауыр тиіп отыр», – дейді Жітіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері Рүстем Айтбаев. 

Ал, жол апатынан аман қалған 19 жастағы бойжеткен ауруханада жатыр. 
 

Талқылау