Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында әкімдік қызметкерлері тұрақтылық қорындағы қантты кәсіпкерлерге арзан бағада сатып келген (видео)

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі. Мәліметке сәйкес мұнда шенеуніктер тұрақтылық қорындағы қантты арзан бағада таңдап алған кәсіпкерлерге сатып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі. 

қант

Тексеріс нәтижесінде, әкімдік пен "Тобыл ӘКК" АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан келісі үшін 420 теңгеге кезектен және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге бергені анықталды.

“Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген. Бұдан әрі таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан”, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Өңірлерде әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Талқылау