Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында күйеу жігіт пен қалыңдық ауыр жол апатына ұшырады

Қостанай облысының Жітіқара қаласында күйеу жігіт пен қалыңдық жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алды. 

Қостанай облысында күйеу жігіт пен қалыңдық ауыр жол апатына ұшырады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жол-көлік оқиғасы 29 маусымда түнгі сағат 3-тің шамасында орын алған. ВАЗ 2114 маркалы көлік қатты жылдамдықпен бағанаға соғылған. Апат орнына келген жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 4 адамды ауруханаға жеткізді. 

Көлікте 32 жастағы жүргізуші, 21 және 23 жастағы екі ер адам мен 19 жастағы қыз болған. Жолаушылардың барлығы ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. Көлікте сөз байласқандарын атап өткен күйеу жігіт пен қалыңдық болған. 

«Қыздың бірнеше күннен кейін жалпы бөлімге ауыстырдық. Алайда қазір онымен психологтар жұмыс істеп, көмек көрсетуде. Жастар шаңырақ көтеруді жоспарлап, оған дайындықты атап өткен. Күйеу жігіті жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Өкінішке орай, бүгін таңертең олардың 23 жастағы досы қайтыс болды», - дейді Жітіқара аудандық ауруханасының бас дәрігері Рүстем Айтбаев. 

Портал мәліметінше, көлік жүргізушісі айтарлықтай ауыр жарақат алмаған. Оның қолы жарақаттанып, миы шайқалыпты. Оны бірден хирургиялық бөлімге жатқызған. Қазіргі уақытта ол полицейлерге жауап беруде. 

Талқылау