Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында алаяққа алданған зейнеткердің ақшасын қайтарған такси жүргізушісі марапатталды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері 14 қыркүйек күні зейнеткерге үш миллион теңгесін қайтарып берген такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевты марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Такси жүргізушісі алаяқтықтың алдын алды. Зейнеткер алаяқтарға ақшаны апатқа ұшыраған қызына көмек көрсеткені үшін бергісі келген.

“Серік Нағашыбаевқа ІІМ логотипі бар қол сағаты, сондай-ақ Қостанай облыстық ПД бастығы Файан Файзуллиннің атынан алғыс хат табыс етілді", –  делінген хабарламада.

Іс-шараға Лисаков полиция бөлімінің бастығы Қазбек Бисембаев, қала прокуроры Ермек Шуақпаев, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Алмат Батпанаев қатысты.

"Мұндай әрекет қоғамның құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді қатыса бастағанын көрсетеді. Серік Нағашыбаевтың қырағылығының арқасында алаяқтық құрықталды", – деді Лисаков полиция бөлімінің бастығы Қазбек Бисембаев.

Серік Нағашыбаевқа егде жастағы әйел ақшаны біреулерге апарып беруін өтінген. Таксист мұнда бір гәп барын түсініп, оған ескертіпті.

Бұған дейін Қостанай облысында алаяққа алданған зейнеткердің ақшасын такси жүргізушісі қайтарғаны хабарланды. 

Талқылау