AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 4 мыңнан астам отбасыға пәтер беріледі

Биыл Қостанай облысында 450 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 4 мыңнан аса отбасыға пәтер кілті табысталмақ. Бұл туралы ОҚК-де өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Биыл "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 450,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу, 4 мыңнан астам пәтер тапсыру жоспарланған. Жыл басынан бері 3,4 пайыздық өсіммен 169,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 16,7 пайызға өсті", – дейді әкім. 

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бүгінгі күні өңірдегі ауыл халқының 74,9 пайызы немесе ауылдардың 59 пайызы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізіп отыр.

"Биыл "Нұрлы жер" және "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламалары аясында сумен жабдықтау және су бұру бойынша 48 жобаны іске асыруға 20 млрд теңге бөлінді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33,3 пайызға артық. Алғаш рет орталық сумен жабдықтау жүйесіне 14 ауыл қосылады. 5 ауылдың сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылады. Келешекке болжамды сметалық құны 25 млрд теңгеден асатын 37 жоба әзірленіп жатыр", – деді Архимед Мұхамбетов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр