Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бақыт Есімова бұған дейін президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған. Бүгін ол Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарласады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақыт Есімова әкімнің экс-орынбасары Марат Жүндібаевтың орнына келді. Мұхамбетов ішкі саясат, этносаралық сала, мектепке дейінгі, білім беру мекемелерінде, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде білім беру қызметтерін ұсыну, мәдениет, дінтану, демография, жастар саясаты, жетекшілік ететін салалардағы трансшекаралық ынтымақтастық мәселелерін бақылайтын болады.

"Бақыт Есімова өңірлік және республикалық бағдарламалардың орындалуын, аймақтық комиссиялардың, әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңестің жұмысын, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуды ұйымдастырады", - деп хабарлады Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бақыт Есімова 1984 жылы 29 қаңтарда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың ауылында дүниеге келген. Оқу жылдарында ол Арқалық қаласында тұрып оқыды. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін және Калифорния университетін (АҚШ) бітірген.

Талқылау