Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай балабақшасында басын қосқанда 22 жерден пышақ жарақатын алған әйел аман қалды: Күдікті жазаға тартылды

Қостанай облысында қылмыстық іске байланысты сот ісі басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі alau.kz порталына сілтеме  жасап.

17 қыркүйекте Қостанайда Әнуарбек Түребаев есімді ер азамат ішімдікке сылқия тойып алған күйі өзімен бірге тұратын әйел жұмыс істейтін балабақшаға келіп, шу шығарыпты. Аса ауыр қылмысқа тұрғын балалар ұйықтап жатқан кезде, ойын бөлмесінде барыпты. 

"Екі жұптың арасында болған ер азаматтың қызғанышы себебінен жанжалдың нәтижесінде Түребаев әйелдің бетінен жұдырықпен ұрып құлатып, оның басына, кеудесіне, ішіне, мойны мен иығына 22 рет пышақ сұққан", - деді айыптаушы тарап.

Ер азамат қасапшы болып жұмыс істейтіндіктен пышақты өзімін бірге алып жүретін көрінеді. Қуанышқа орай 22 жерден пышақ жарақатын алған әйел дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында, аман қалыпты. 

Түребаевқа кісіге қарсы қастандық жасады деген айып тағылды. Оның айтуынша, әйел сөйлесу үшін сыртқа шықпай қойғаны үшін қатты ашуланыпты, дегенмен оны қатты ұрмапты. Сонымен қатар тағылған айыппен келіспейтіндігін жеткізді.

"Менің оны өлтіргім келмеді. Оны өлтіру менің ойымда да болмады", - деді Түребаев. 

Екі жұп азаматтық некеде 11 жыл бойы бірге тұрған. Олардың ортақ ұлдары да бар екен. 

Талқылау