Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшеде әйелді қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам жұртты шошытты: Оқиғаның қайда болғаны анықталды

Ер адамның көшеде әйелге шабуылдап, аяусыз ұрып-соққан видеосы қазақстандықтарды шошытқан еді. Белгілі болғандай, оқиға Қытайда орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көшеде әйелді қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам жұртты шошытты: Оқиғаның қайда болғаны анықталды

Желіде ер адамның әйелді қатігездікпен соққының астына алған видеосы тараған еді. Өз кезегінде полиция оқиғаның Қазақстанда болмағанын мәлімдеді.

Анықталғандай, оқиға Қытайдың Далянь қаласында 22 маусымда орын алған.  
Ер адамның көшеде кетіп бара жатқан әйелге тосыннан шабуылдап, бетінен, денесінен ұрған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Артынша ер адам оны әрі қарай сүйреп әкетті. 

South China Morning Post басылымының мәліметінше, полиция қылмыскерді ұстау үшін желі қолданушыларынан көмек сұраған. Белгілі болғандай, ер адам сүйіктісімен ұрысып қалғандықтан, көшеде кетіп бара жатқан әйелді ұрып-соғыпты. 

Оқиға салдарынан зардап шеккен 29 жастағы әйел сол күні түнгі 1-дің шамасында үйіне қайтып келе жатқан. Ол оқиғадан кейін ауруханаға түсті. 

Артынша 31 жастағы күдікті тұтқындалды. 

Талқылау