Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қош келдің, батыр": Ерке Есмаханның ағасы күйеу баласына өлең арнады

Ерке Есмаханның имам ағасы Бауыржан Есмахан күйеу баласына жыр арнап, желіге жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Махаббат майданында, кейбір жігіт машинамен ұрлаған,
“Махаббат жасқа қарамайды” деп бабалар да жырлаған.
Бұл туралы көршілер де ырлаған,
Қош келдің, батыр,
Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған”, – деп қайын ағасы өлең шумақтарын арнады.

Жазбаның астында Райым пікір қалдырып, қайын ағасына өтініш жасаған.

Оның “Қайын аға, сіздің үйге барып тұрсам қалай қарайсыз?” деген сауалына имам ағасы: “Мен де әйелімнің үйінде тұрып жатырмын, рұқсат берсе”, – деп жауап берді. Ерке Есмахан да: “Екеуің бір үй жалдап, бөлек шығып кетсеңдерші”, – деп әзілді жалғай жөнелді.

 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 22 Ақпан, 2023 09:45