Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоршауды бұзып, Алматы-Ташкент жолын жауып тастады: Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары зауыт түтініне уланып жатырмыз деп наразы

Шымкенттің Таскен ауылы тұрғындары осыдан бірер жыл бұрын қала әкімі уәде еткен саябақ орнына, зауыт құрылысын бастап кеткендердің әрекетіне қатысты наразылық білдірді. Санитарлық аймақ саналатын ұлтарақтай жерге құрылыс бастаған ауыл іргесіндегі алпауыт зауыттың әрекеті тұрғындардың ашуына тиген. Шу шығарып, наразылық танытқандар, айнала жүргізілген темір қоршауды өз қолдарымен құлатып, шетінен бұзып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

забор

Айналамыздағы зауыттың түтіні тұншықтырып жатыр деген таскендік тұрғындар шыдамның да шегі болады деп жаппай шу шығарды. Айтуларынша, зауыттың қоршауында қалдық деп мәселе көтерген сәтте билік бірер жыл бұрын іргедегі бос жатқан жерге көгалдандыру жүргізуге уәде етіпті. Зиянды түтіннен сая болатын талдарды елестеткен жұрт сонда барып сабырға келген. Алайда көп уақыт өтпей жатып құрылысқа кіріскен зауыт әрекеті мен уәдесін орындамаған қала әкімдігіне жұрт қатты қапаланды. 

"Біз оларға сеніп қалдық. Олар бұл жерде саябақ, мәдениет үйі, кітапхана салынады деп сөз берді. Екі ай бұрын зауыт жұмысшылары келіп, мына жерді қоршай бастады. Қала әкімдігіне жазып жатқанымызға төрт ай болды ", - дейді ауыл тұрғыны Нұрбол Тоқсейітов. 

"Ешқандай қоршау деген жоқ. Қазір біз оны сындырып өздеріне алып барып береміз", - деп ашуланды тағы бір ауыл тұрғыны. 

Осы сөздерді айтып, ауыл тұрғындары зауыттың темір қоршауларын бұзуға кірісті. Саябақ салынсын, басқа құрылысқа жол жоқ деген халық Алматы-Ташкент бағытындағы үлкен күре жолға беттеп жүре бастады. Әкімді де, зауыт басшысын да шақырдық келмеген өздері дейді олар. Енді біздің жол жабудан басқа амалымыз қалмады деп налыды тұрғындар.  

Осыдан соң полиция жасағы халықты сабырға шақырып, әкім келеді деп үміттендірді. Мердігер өкілімін деген азамат менің міндетім тек сыртты қоршау ғана деп ақталғандай болды.

Ал қалалық Қаратау ауданының әкімдігі жағдайды басқаша түсіндірді. Иелік жекеменшік болса да, нысаналық ауыл шаруашылық мақсатын ешкім өзгерткен жоқ деді. 

"Жерді сатып алған зауыт ол жерге ешнәрсе соға алмайды. Үй, цех секілді күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмеген. Ол жерге тек тал, гүл секілді көгалдандыру жұмыстарын іске асырады", - дейді Қаратау облысының әкімі Абзал Әліқұлов. 

Сондықтан әкімдік алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Егер жекеменшік иесі ауылшаруашылық жерін үй немесе цех тұрғызатын ойы байқалса, онда оның жолын кесуге заңды әрекет болады деп сендірді. Одан бөлек тұрғындар мен зауыт иелерінің басын қосатын кеңес өткіземіз деп ескертті. 

 

Талқылау