Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер тамыз айына дейін үстемақы алады

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемақы қашанға дейін төленетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

медперсонал

"Бұл сұрақ халықты алаңдатқан мәселелердің бірі. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтып кеткен болатын. Аталмыш шараларға мемлекет тарапынан 40 миллиард теңге бөлінген. Қазірдің өзінде біраз дәрігерлер үстемақыға қол жеткізіп үлгерді. Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің барлығына да қосымша үстемақы тамыз айына дейін төленеді", - деді шенеунік. 

Бұған дейін ол блок-бекеттерден кімдерге өтуге рұқсат берілгенін мәлімдеген болатын. 

Еске салайық, 11 маырдан бастап елімізде ТЖ режимі аяқталды. 


Талқылау