Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус Біріккен Араб Әмірліктеріне жетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде коронавирусты жұқтырған адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Коронавируспен ауырған адам БАӘ тіркелді. Науқас дәрігерлердің жіті бақылауында, жағдайы - тұрақты", - деп мәлімдеді Араб Әмірліктерінің БАҚ өкілдері денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасына сүйене отырып. 

Дегенмен жергілікті денсаулық сақтау министрлігі кімнің және қайда ауруды жұқтырғанын нақтылап айтпапты. 

Қазіргі таңда коронавирустан 132 адам көз жұмған, 5974 адам аталған дертке шалдыққан. Арты өлімге соғатын індет әлемнің басқа де елдеріне таралып үлгеріпті. Бұған дейін коронавирустың Германияға жеткендігі айтылған еді. 


 

Талқылау