Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирус ауруының жоғары деңгейі байқалған өңірлер аталды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирустың таралу қарқыны төмендегенін атап өтті. Алайда, бірқатар өңірлерде басқаша жағдай байқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның пікірінше, енгізілген карантин вирустың баяулауына әсер етеді.

"Осылайша, 27 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтандағы науқастардың күн сайынғы өсуі 5-ші сәуірде 60 жағдайдан нөлдік жағдайға дейін төмендеді, ал Алматыда күн сайынғы өсім 15-тен алты жағдайға дейін, республикада аурудың өсуі 10 пайызды құрайды.

Алайда, бірқатар аймақтарда - 20-дан 30 пайызға дейін - Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында өсім байқалады, бұл қосымша шектеу шараларын қабылдауды қажет етеді", - деді елдің бас санитарлық дәрігері.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 604-ке дейін өсті.
 

Талқылау