Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорқынышты, қан көп болды": Көршілері Павлодарда балалары мен анасын өлтірген жерде көргендері туралы айтты

Куәгерлер Павлодардағы әйел мен үш баланың қанды қырғынының егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Көршілердің (іс жүзінде олар куәгерлер ретінде тіркелген)  айтуынша, марқұмдарды пышақпен жарақаттаған.

"Сұмдық болды, бәрінде кесілген жаралар болды. Балалар төсектерінде жатты. Олар пижамамен жатты, кешке, түнге жақын болған сияқты.  Ал анасы олардың жанында, еденде, бір бөлмеде жатты, балалар төсектерінде. Оны ұрған сияқты,  белгілер маған солай көрінді, өйткені ол көгілдір түсті, көк және қызыл бірдеңелер бар еді... Қорқынышты болды, қан көп болды", - деді көршісі.

Отбасы былтыр жазда осы үйге көшіп келген. Әйел балаларын өсірді, күйеуі қалалық кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. 

Еске салайық, 9 қараша Павлодарда жұмыстан үйіне оралған ер адам әйелі мен оның үш баласының мәйітін көрді. Отағасы есікті аша алмай, көршілерінен арнайы құрылғы сұрап есікті ашқаны анықталды. Есік ішкі жағынан бекітілген. 

Айта кетейік, мәйіттерде зорлық белгілері бар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр