Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көріп тұрып амандаспай өтіп кететін едік": Қызы Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы туралы

Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова өзінің ер мінезділігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, шын мәнінде, әкесі Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасы қандай болғанын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Заманбек пен Құралай

Сурет: qazaquni.kz

Тележүргізуші одан неге материалдық жағынан қиналған кезде әкесінен көмек алмағанын сұрады. 

«Жоқ. Менің бірбеткей мінезім бар. Біреуге барып көмек сұрау? Мен әлі күнге дейін көмек сұрауды үйренген жоқпын. Неге екені белгісіз, әлі күнге дейін ішімдегі еркекті өшіре алмай келемін. Тіпті, жанымда ер азамат болса да, оған өзімнің қиындықтарым туралы айту қиын. Біртүрлі күйге түсемін. Менде ондай әдет жоқ екен. Шынымды айтсам, соңғы 4-5 жылда ғана ішімдегі әйелді қосқан шығармын», - деді Құралай Нұрқаділова. 

Әрі қарай ол әкесімен ұзақ уақыт тілдеспей келгенін ашып айтты. Тіпті, көріп тұрып амандық сұраспай өтіп кететіндей дәрежеге жеткен. Осы орайда ол әке мен қыздың арасына түскендердің барын да сөз етті. 

«Мүлдем десем де болады. Біз сондай қарым-қатынаста болдық. Мен оны кінәламаймын. Бұл оның таңдауы болды. Қазір оны түсінемін. (...). Қазір маған жеңілдеу болу керек пе еді деп ойлаймын. Кішкене жұмсақтау деген сияқты. Мұны көрген кейбір адамдар шокта болды. Біз амандаспай, бір-біріміздің жанымыздан өтіп кететін едік. Жағдай қиындау болды. Адамдар бұған өте қатты таңқалды. Біздің мінезіміз бірдей. Айтпақшы, мәселе біздің мінезіміздің бірдей екендігінде емес. Адамдар үшін біздің араласпауымыз қызық болды. Тіпті, біз сөйлесіп үлгергеннің өзінде бізді ұрыстырды», - деді Құралай Нұрқаділова. 

Естеріңізге сала кетсек, Құралай Нұрқаділова әкесінің танымал азамат болғанына қарамастан, жасөспірім шағында көп жұмыс істеуге мәжбүр болғанын айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі

ЦентрКредит Банкіне ЕҚДБ теңгемен 40 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде кредит береді

Кредит беру туралы келісімге Алматы қаласында 12 желтоқсанда қол қойылды

Біртанов екпе салдарынан көз жұмды деген сәбидің оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Министр баланың отбасына көңіл айтты және осы факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады

Ерболат Беделханнан әке-шешесінің қалай өлгенін сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді

Продюсер: Әлі қырқы өткен жоқ, айта алмаймын

«Ақысын төлеймін»: Жапониядан келген қазақ келіншегі өзіне әке сатып алмақ

Назым Мукайяма әкелік мейірімді сезінгісі келеді

Сирек кездесетін металл алтынның абсолютті рекордын жаңартты

Сирек металдың бір унциясы 1912,35 долларды құрайды

Жедел жәрдем шақырудан бас тартты: Алматы тұрғыны пойызда күйіп қалған қызына көмек көрсетілмегенін айтты

ЖӘбірленуші: Жжолаушы әйелдің көмегімен аман қалдық

"Өнерге келгенде тоқалдың баласы сияқты қарап қалады": Саттар Ерубаев әртістердің қанша алатынын айтты

Актер: Қырылып, төбелесіп жатсақ, елге сол қызық, жыршы-жыраулар қызық емес

АҚШ президенті Тоқаевты құттықтады

Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті

Қарағандыда өзгенің қолынан өлген 3 жасар баланың анасы түрмеге жабылуы мүмкін

Әйел ұрлыққа қатысы бар деп күдіктелуде
Çàãðóçêà...