Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрлігі Нұр-Сұлтандағы оқ дауысына қатысты түсініктеме берді (видео)

Қорғаныс министрлігіндегілер елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы атысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Әлеуметтік желіде Қазақ Елі монументі мен Бейбітшілік және Келісім сарайы маңында атыс дауысы естілгені туралы видео тарады. Қорғаныс министрлігіндегілер аталған аймақта президентті ұлықтау рәсіміне дайындық өтіп жатқанын айтты. Яғни видеодағы тапаншаның емес, салюттің дауысы. 

"Бұл ұлықтау рәсімі кезінде атылатын салюттердің дауысы. Соғыс артиллериясы емес, салют тобы. Біз мұны растаймыз", - деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Серік Боранбаев. 

Естеріңізге сала кетсек, президентті ұлықтау рәсімі 12 маусым күні өтеді

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр