Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Көрегенді, ақылды болса екен": Димаштың анасы келінінің қандай болғанын қалайтынын айтты

Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева жар таңдауда ұлының шешіміне тоқтайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

Әлемнің аруларын қызықтырған Димаш Құдайбергеннің шығармашылықтан  қолы босамайтын сыңайлы. Соған орай, әнші жақын арада үйлене қояды деп айту қиын. Бұл жайлы Димаштың анасы айтып берді.

«Кез келген ата-ана осындай әдемі сәтті күтеді. Баласының аяқтанып, ұлының отау құрып, қызының ұядан ұшқанын тілемейтін ата-ана жоқ деп ойлаймын. Сондықтан күтеміз», - дейді Айтбаева ханым.

Дегенмен, Света Айтбаева келін таңдауды өзге әріптестері секілді өз жауапкершілігіне алмайтынын айтады. Көрегенді жерден кетәрі болмағанмен, Димаштың анасы таңдау жасауды ұлына тапсырған.

«Димаштың өзі кімді жүрегі қалайды, соған тоқтаймыз. Біз балаларымызға ондай шектеу қоймаймыз. Ондай тілек болады ғой. Бір жақсы, көрегенді, ақкөңіл, ақылды бала болса екен деп. Әркімнің өз қалауы бар. Сондықтан ол Димаштың өз шешімі болмақ», - дейді Света Айтбаева.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр