Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордайдағы қанды қылмысқа қатысты 59 адам сот алдында жауап береді

Он бір адамның өліміне әкеп соққан Қордайдағы қанды қылмысқа 59 адам сот алдында жауап береді. Қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқандар қазақ және дұңған ұлтының азаматтары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаға сілтеп хабарлайды. 

185 адам зардап шегіп, 39 үй өртеніп кетті: Қордайда болған қақтығысқа қатысты нақты мәліметтер айтылды

Олар адам өлтіру, қарақшылық, тонау, өзгенің мүлкін бүлдіру сияқты 29 түрлі қылмыстық іс шеңберінде тергеліп жатыр.

Қазір 59 адамның 8-і денсаулығы, отбасылық жағдайы сияқты түрлі себептерге байланысты уақытша ұстаудан босатылған. Ал 12 күдікті кепілдікпен уақытша бостандықта жүр. Ұсталғандардың басым бөлігі Масаншы, Бұлан-батыр және Ауқатты елді-мекендерінің жұмыссыз жүрген жастары, олардың ішінде бұрын да адам өлтіріп, қарақшылық, бұзақылық жасап сотталғандар бар екен.

Айта кетейік, жетінші ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай қақтығыс болып, 11 адам көз жұмған еді.

Талқылау