Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордайдағы 11 адамның өлімімен аяқталған апат: Автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

Қордай маңындағы тасжолда аударылып қалып, салдарынан салондағы 11 адам көз жұмған автобустың жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Қордай аудандық соты жүргізушіні кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: Facebook/"ОСА" тобы

Ер адам Қылмыстық кодекстің «Көлік құралын басқарушы тұлғаның жол ережесін бұзып, абайсыздықта екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келуі» бабы бойынша айыпталған. 

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус жүргізушісі өз кінәсін толықтай мойындап, өкінішін жеткізген.

«Сот сотталушының өкінішін, тұрғылықты орнынан алынған оң сипаттамаларды, сотталмағанын қылмыстық жауаптылықты жұмсартатын мән-жайлар қатарына енгізіп, оның әрекетінде жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін ескерді. Сот оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырды», - дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, 20 сәуір күні таңғы сағат 05.00-де Жамбыл облысындағы Қордай ауданынан 181 шақырым жерде Алматы-Ташкент тасжолында Toyota маркалы автокөлік жолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған. Тасжол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Иә, сүйіктім бар!": Актриса Гүлнәз Жоланова тұрмысқа шықпақ

Актриса: Меніңше, халыққа экрандағы менің махаббатым жететін сияқты

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр