Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы аналар жарты миллион алып, бизнеспен айналыса алады

Көп балалы аналар бизнес бастау үшін жарты миллион теңге ала алады. Жоба "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жұмыспен қамту орталықтары жәрдемақы төлеумен қатар, қыз-келіншектерді  жұмысқа орналастыруға  немесе арнайы курстарда жаңа кәсіпті игеруге көмектеседі. Олар оқу барысында бизнес жүргізу негіздерін үйренеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

көпбалалы ана

Халида Махмутова бес баланы тәрбиелеп отырған ана. Ол Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен "көп балалы аналар" қорын ашты. Қазір оқу курсатынан өтіп, табыс табудың тиімді жолдарын алу мәселелері бойынша әйелдерге кеңес береді. Халиданың өзі де мемлекеттің қолдауының арқасында отбасын асырап отырған жандардың бірі.

Көп балалы ана жақын арада қайтарымсыз грантқа ие болуы мүмкін. Оқуды аяқтаған соң, мемлекет тарапынан жарты миллион теңге көлемінде ақша бөлінбек. Болашақта ол массажист мамандығын игеріп, жеке медициналық кабинет ашуды армандайды.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палаты "Бизнес бастау" жобасы бойынша массажист мамандығын оқып шықтым. Бизнес-тренерлер бізді кәсіпкерлік негіздерін оқытып, маркетингті қалай жасау керектігін үйретті. Сондай-ақ стипендия да алдым.  Оқуды аяқтайтын кезде өзіміздің жүргізгіміз келген кәсіп бойынша бизнес жоспарымызды қорғадық", - дейді көпбалалы ана. 

Алматыда атаулы әлеуметтік көмек алатын 11 736 отбасы бар. Төлемдердің арқасында көп балалы ата-аналардың материалдық жағдайын ретке келтіруге мүмкіндік туды. Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қолдауға ие болуды да ұсынады. "Еңбек" бағдарламасы аясында алматылықтарды жұмысқа орналастырады, кәсіби курстарда оқытады және оларға бизнесті дамыту үшін қайтарымсыз гранттар береді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате

Бағдаршам туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең алғашқы бағдаршам осыдан тура 105 жыл бұрын АҚШ-тың Кливленд қаласында орнатылған

Ондай да болады: Назарбаев отставкадан кейін президенттікке қайта оралғандар туралы айтты

Елбасы бос уақытында майлы бояумен пейзаж салғанды жақсы көреді

Алматы облысында бесінші баласын босанып, аяқ астынан қайтыс болған келіншектің өліміне ақ халаттылар кінәлі екендігі дәлелденді

Келіншектің сәбиі туыла сала анасынан жетім қалды

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда көз жұмды

Оқиға туралы мәліметтер нақтылануда
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр