Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Консервіленген балықтардың зияны белгілі болды

Консервіленген балықтар – өте зиянды тауарлардың бірі. Нутрициолог Анна Четверикова оның жасуша геномына да әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

шпрот

"Көпшілігі консервідегі балықтарды балықтың бір түрі деп есептейді. Негізінде олар Каспий теңізінде мекен ететін қарапайым кішкентай балықтар. Бұл – қақталған өнім, яғни ағаш түтінімен өңделген. Демек консервіленген балықтар зиян", – деді Четверикова. 

Маманның сөзінше, консервідегі балықтар құрамында бензапирен – ең қауіпті канцероген болуы мүмкін. Ол ағзада жиналып, жасуша геномына әсер етеді.


Ғалымдар ұйқыдағы қандай мәселелер өлім қатерін арттыратынан айтты


"Мұндай балықтардың зиянды болуымен қатар, калориясы да жоғары: 100 грамға 363 ккал, май – 32,4, ал ақуыз – 17,4", – деп түсіндірді маман. 

Нутрициолог консервіленген балықтарға қосылатын тұздың да зиян екенін айтты. Дәрігерлер дерегі бойынша, тұздың тәуліктік

қажеттілігі 5 грамға тең.

Сапалы консервіленген балықты қалай таңдау керек?

Ұсақ балықтарды алдын ала түтінмен өңдеген соң, майға салып консервілейді. 

Банкадағы балық көлемі 75%-дан кем болмауы тиіс, себебі қалған бөлігі маймен толтырылады. Балық құрсақ бөлігімен немесе арқасы ыдыс түбіне қаратылып орналастырылуы тиіс. Сапалы балықтар алтын түстес болып келеді. 

Талқылау