Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Конор Макгрегор Ирландия президенті болу үшін сайлауға түспек

Конор Макгрегор Ирландия президенті болу үшін сайлауға түспек

Фото: instagram.com/thenotoriousmma

UFC-дің экс-файтері Конор Макгрегор өзін мүлде басқа салада сынап көрмек. Спортшы Ирландия президенттігіне өз кандидатурасын ұсынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Макгрегор өз-өзін ұсынатыны туралы жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол жақтастарын жергілікті кеңес мүшелеріне жүгініп, оның кандидатурасын қолдауға шақырды. Ол ең алдымен халық мақұлдамайынша бірде-бір заң жобасына қол қоймауға уәде берді.

 

“Ирландия азаматтары, өзгерістер уақыты келді! Егер президент сайлауында бюллетеннен менің атымды көргіңіз келсе, бүгіннен бастап жергілікті округ кеңесшілеріңізге хабарласып, менің кандидатурамды ұсынуды сұраймын”, – деді спортшы.

Макгрегордың айтуынша, оның мақсаты – қоғам мүдделерінің елеусіз қалмауы және шешім қабылдау кезінде азаматтармен санасып, олардың көрінетін нақты күшке ие болуы. Спортшы қазіргі биліктің халықты алдап келе жатқанын ерекше атап өтті.

Айым Болатқызы
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 13:02