Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Концерттік көйлекпен: Жалғыз өзі әткеншек тепкен Мәдина Сәдуақасова жұртты күлдірді

Жалғыз өзі әткеншек тепкен Мәдина Сәдуақасова жұртты күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сәнді көйлекпен әткеншек теуіп, көңіл көтеріп жүрген суреттерін жүктеп, жазба қалдырған. Ақтаудағы саябақтардың бірінде жалғыз өзі балалық шағын еске алып, ойынның құмарын қандырғанын айтты ол.

"Балалық шаққа саяхат. Концерт біткен соң, тура сол концерттік көйлекпен Ақтаудың әткеншегінде жалғыз өзім айналып жүрмін", - дейді Мәдина Сәдуақасова. 

Мұны көрген желідегілер өнер иесінің әлі бала екеніне күліп, еркелігің қалмапты деп жарыса жазды. Осылайша ана атанып үлгерген өнер иесінің қылығы жұртты күлдірді.

"Тәтті қыз", "Недеген шынайылық", "Қылықты қазақтың қызы", "Халқыңа еркелеп жүре бер", "Бір жеріңізді жарақаттап алмай. Аман-есен елге жетіңіз", "Алтын қыз, жарайсың! Шығармашылық табыс тілеймін", - деп пікір білдірді жұрт.

Талқылау