Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Комиссия мүшелерінен толтырылған бюллетеньдер табылды: Бақылаушылар заңбұзушылықтар жайлы айтты

Бақылаушылар ОСК-нан заң бұзушыларға баға беруді сұрады. Желіде сайлау комиссиясы мүшелерінің толтырылған бюллетень қағаздарын ұстап жүргені түсірілген видео тарады.

"Сайлау комиссиясы Клара Тасболатовнадан, Тұрсынова Ләззат Алдабергеновадан толтырылған, дауыс берілген бірнеше бюллетень алынды. Сіз 50 протоколды алдын ала толтырғансыз", - деді видеодан бақылаушы.

Бұл видеоны сайлау комиссиялары көрген, алайда басқа заңбұзушылықтар туралы айтты. Ел бойынша 11 заңбұзушылық болғанын атады. Олардың әрқайсысына қатысты тергеу жүреді. Сонымен қатар желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

"Сіздер бұған сенесіздер ме? Жалған ақпаратты журналистер жақсы біледі. Біз жалған ақпаратпен емес, фактілермен жұмыс істейміз", - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр