"Көмектесу керек": Алматы облысында меценат ауыл тұрғындарына спорт алаңын салып берді

Алматы облысындағы Сарыөзек аулында заманауи спорт алаңы пайда болды. Оны ауыл жастарына кәсіпкерлердің бірі салып берген.

«Көмектесу керек»: Алматы облысында меценат ауыл тұрғындарына спорт алаңын салып берді

Ауылда спорт алаңынынң ашылуы тұрғындар үшін нағыз мереке болды. Мұнда күрестен жарыс ұйымдастырылып, қаржылай сыйлықтар берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Спорт алаңының құрылысы аяқталғанын асыға күттік. Ендігі бізде футболдан жарыс ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Жанашыр жандардың болғаны үшін рахмет», - дейді оқушы Мұхамади Дәулет. 

Жергілікті балаларға арналған спорт алаңы заманауи талаптарға сай салынып, жабдықталған. Жерлестерінің сөзінше, кәсіпкердің өзі туған аулын көркейтуге үлкен үлес қосуда. 

«Егер мүмкіндік болса, көмектесу керек деп ойлаймын. Әсіресе, балаларға. Олар – біздің болашағымыз. Басқа да жерлестеріміз бұл бастаманы қолдайды деп ойлаймын», - дейді кәсіпкер Бақтияр Бекежанов. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр