Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Комаға түскен: Студент жігіт тісін жұлдырғаннан кейін көз жұмды

Ресейде тіс дәрігеріне барып тісін жұлдырған студент жігіт көз жұмды. Қазіргі уақытта ресейлік денсаулық сақтауды қадағалау мекемесі мәскеулік стоматологиялық клиниканы тексеріп жатыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, 17 жастағы студент тісінің қатты ауыратынын айтып шағымданған. Оның беті ісіп кеткеннен кейін, Мәскеудегі клиникалардың біріне жүгініпті. Тіс дәрігері пациенттің тісін жұлып, орнын тазалап, тексерілу керегін айтып, дәрілер жазып береді.

Алайда студент жігіт клиникадан шыққаннан кейін жұлдырған тісінің орны қатты қансырай бастапты. Нәтижесінде оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, жасанды комаға түсірген. Алайда дәрігерлер жігітті тірілте алмады. Жігіт тісін жұлдырғаннан бір ай өткеннен кейін көз жұмды. 

Қараша айының басында Ресейдің денсаулық сақтауды қадағалау мекемесі тергеу комитетімен бірге Мәскеудегі стоматологиялық клиникалардың сапасы мен қызметін, сонымен қатар студент көз жұмған аурухананы тексеруді бастады. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бақылау жоқ": Президент еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Тоқаев: Халықтың табысын көтеру бойынша жасап жатқан шараларымыз жоққа шығарылады

"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жыр болған дәретханаларды сынады

Президент туризмнің артта қалуына әсер ететін нақты факторлар барын айтты

Мемлекет басшысы: Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр

Президент тапсырмаларын баяу жүзеге асырып жатқан шенеуніктерді сынға алды

"Ұстаздардың ренішіне таңқалудың қажеті жоқ": Тоқаев мұғалімдерге қолдау көрсету керегін айтты

Ол билік өкілдеріне мұғалімдерді қолдау керектігін айтты

Қазақстанда биыл спорт саласына қанша қаражат бөлінді? Министрлік жауап берді

Биыл жоғары жетістіктер спортына 23 804, 2 млн теңге бөлінді

"Шамадан тыс көп жаттығулар оның денсаулығына әсер етуі мүмкін": АҚШ журналисі Геннадий Головкин жайлы сөз қозғады

АҚШ журналисі боксшының жасы жайлы өз ойын білдірді

Ресей колледжіндегі атыс: Көз жұмған студент үйленгелі жүрген

Жас жігіт атыс салдарынан дәрігерлер жеткенше көз жұмды

Сабақтан шығарып жібергені үшін: Ресейде колледж студенті қатарластарына оқ жаудырды (видео)

Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақаттанды

Ет жеп, виски ішіп отыр: Қостанай түрмесіндегі шенеуніктің жағдайы видеоға түсіп қалды

Түрмеге барлық жасап қойыпты

"Ауылдағылар 30 мың алады": Қазақстандағы имамдардың жалақысы қанша

Дін қызметкерлеріне жалақы 4 категория бойынша тағайындалады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр