Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Комадан бір-ақ шықты: Әйел қолын мысық тырнап алғаннан кейін өліп қала жаздады

Англияның Бристоль қаласының тұрғыны Ширли Хэйр өзін мысық тырнап алғаннан кейін өліп қала жаздады. Ол комадан бір-ақ шыққан.

Комадан бір-ақ шықты: Әйел қолын мысық тырнап алғаннан кейін өліп қала жаздады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйел бақшада жұмыс істеп жүргенде Чан атты мысық оны білегін тырнап алыпты. Салдарынан әйелдің организміне бактериялық инфекция түскен. Артынша білегіндегі жара қызарып кетіп, 65 жастағы әйел өзін нашар сезініпті. Оның басы айналып, тамаққа тәбеті тартпай, бұлшықеттері ауырған. Арада бірнеше күн өткеннен кейін мысық тырнаған қолы қарая бастайды.

Мұнан кейін Ширли ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оған сепсис, сепсистік шок, ішкі ағзаларының жұмысының нашарлауы, пневмония және некрозды фасциит (Streptococcus pyogenes немесе Clostridium perfringens бактериялары тудыратын инфекция) деген диагноз қойды. Ақ халаттыларға әйелді аман алып қалу үшін 5 күнге жасанды комаға түсіріп, зақымдалған қолының беткі қабатының бір бөлігін кесіп тастауға тура келіпті.

Комадан бір-ақ шықты: Әйел қолын мысық тырнап алғаннан кейін өліп қала жаздады

Өз сөзінде әйел Чан атты мысығын он айлық кезінде сатып алғанын айтты.

«Ол ешқашан мейірімді болған емес. Кез келген ыңғайлы жағдайда маған тап беретін», - дейді зейнеткер. 

Ширли ауруханадан шыққаннан кейін мысығын қыздарының біріне беріпті.

«Болған жағдайдан кейін оны көргім де келмейді», - дейді ол.


Мысықтар туралы 65 қызықты мәлімет

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

"Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!": Әмина қажы қаракөздеріміздің шетел асып кетуіне қарсы шықты

Әмина қажы: Шетелде дені сау қара домалақтарымызды арам пиғылда пайдаланбауына кім кепіл?!

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда
Çàãðóçêà...