Соңғы жаңалықтар

Көлікті 13 жасар бала айдаған: Ақтаудағы жол апатынан бір адам көз жұмды (видео)

Ақтаудың 30, 32, 33 және 34 ықшам аудандарында жол апаты орын алды. Соғылған көліктердің бірінің тізгіні 13 жастағы жеткіншектің қолында болған көрінеді. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 39 жастағы ер адам опат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасында Toyota Camry, Geely және Hyundai Accent автокөліктері соқтығысқан. 

«Алған жарақаттардың әсерінен Geely автокөлігінің жүргізушісі сол мезетте мерт болды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 3 бабы бойынша іс қозғалатын болады. Қажетті сараптамалар жасалады», - делінген Маңғыстау облысының ПД-нің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. 

Полиция қызметінің жолда көлікті қууы туралы ақпарат жоққа шығарылды. Дегенмен көліктердің бірін кәмелеттік жасқа толмаған бала айдағаны анықталды. Жедел жәрдем қызметіне болған оқиғаға байланысты хабар сағат 09:21 шамасында түсіпті.

Дәрігерлердің айтуынша жол апаты орын алған жерге екі жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Олар көліктердің соқтығысуынан 4 адам жарақаттанғанын, олардың бірі оқиға орнында қаза тапқанын анықтаған. Ал қалған үшеуі, оның ішінде көлікті айдаған 13 жастағы бала ауруханаға жеткізіліпті. 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тасмағамбетов қызметінен кетуге дайындалып жатыр — дереккөзі

Бүгін Иманғали Нұрғалиұлы 63 жасқа толды

Қазақстан әнұраны шырқалғанда Ангела Меркель орнынан тұрмады

Мұндай жағдай Германия тарихында алғаш рет болып тұр

«Төсекке жатқызды. Шалбарымды шешті»: Балқашта 7 жасар қыз өзіне ер адамның қалай тиіскенін айтып берді

"Қыз зар еңіреп жылады, зорлады деп айқайлады"

Гинеколог көзілдірігіне жасырын камера орнатып әйелдерді түсіріп келген

Полицейлер құрбандарының қатысуымен болған 100-ден астам эротикалық жазбалар жинағын тапты

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Көмекке шақырып, айқайлап ұзақ жатқан

Шындыққа айналған қалжың: Ақтау азаматтарын педофил деп айыптауда

Жөтелді өз бетінше емдемек болған әйелдің аяқ-қолын кесіп тастады

Әйелдің ішкі ағзалары жұмыс істемей қалды

Назарбаев Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы опера әншісінің шығармашылығымен алғашқы танысқан кезін айтты

Туркістан облысында құрдасын басынан пышақтаған оқушы ұсталды

Зардап шеккен оқушы ауыр халде жатыр

Жасөспірім ауру баланың есебінен 790 мың теңге шығарып алған

Эектронды сілтеменің көмегімен жеке ақпаратқа ие болған
Çàãðóçêà...