Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлік ішінде балалар болған: Жолға таласқан жүк көлігі джипті сүйреп тастады (видео)

Алматы полициясы жүк көлігі мен джип жүргізушілерінің арасындағы жол бойында болған қақтығыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды қалалық ДП-не сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға 23 маусымда Алматы қаласы Медеу ауданында Халиуллин мен Тәттібеков көшелерінің қиылысында болды.

"Жүргізушілер арасындағы қақтығысқа жолдың алдында "шайқас" себеп болды. Жолды бөлісе алмаған "Хово" мен "Ниссан Патрол" көлігі жүргізушісі өзара келіспей қалды. 

Осыдан соң жүк көлігі жүргізушісі көлігімен джип көлігін 200 метрге дейін сүйреп апара бастады. Бұл уақытта Nissan көлігінде екі кішкентай бала болған.

"Хово" жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Жол-көлік оқиғасы фактісі тіркеліп, жақын арада сотта шешіледі.

"Сонымен қатар, Медеу ауданы ішкі істер департаменті полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі оқиға бойынша қатысушының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріп, заңға сәйкес одан әрі шаралар қабылданатын болады", - деді ДП.

Талқылау