Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Колхозницамын": Айнұр Тұрсынбаева асханада ұятқа қалғаны туралы айтып күлдірді

Айнұр Тұрсынбаева асханада ұятқа қалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Колхозницамын: Айнұр Тұрсынбаева асханада ұятқа қалғаны туралы айтты

Танымал айтыскер ең алғаш рет ақша тауып, өзін миллионер сезінген кезін есіне алды. Студент шағында айтысып жүріп, қаражат ұтып алған ол жатақханадағы құрбысын мейрамханаға апармақшы болады. Сөйтіп, 2000 теңгемен шіреніп барған ақын, мейрамханадағы бағаларды көріп, шошып кеткен. Қымбат екенін байқаған құрбысы асханаға барайық деп көндіргенге ұқсайды. 

"Біз енді таза колхозда өскен қызбыз. Тура мағынасындағы "колхозницамын". 1994 жылы Таразға колледжге оқуға түстім. Жағдайымыз онша емес, жатақханада тұрамыз. Мен арасында тойларға шығып, айтыстарға шығып ақша тауып тұрамын. Бір күні бір тойдан 2 мың теңге алдым. Ойбой, кәдімгі миллионерсің енді!  Содан жатақханада бірінші кездескен қызға "Кеттік мейрамханаға" дегесің ғой. "Киіміміз онша емес сияқты" деп ол кішкене қысылып қалды енді. "Киімді қайтесің, ақша бар менде" деп мен тұрмын күшеніп. Сонымен колледжге жақын деген "Ботагөз" мейрамханасынан бірақ шықтық. Мәзірді алдық. Тамақтар 350 теңгеден басталады екен. Сусын ішсең одан қымбат. Терлей бастадым кәдімгідей. Құрбым сезді-ау деймін, "Мен лағманды жақсы көрем, дунгагская кухняға барайық" деді", - дейді Айнұр Тұрсынбаева. 

Бірақ асханаға барып алып, тамақтың аты қате жазылды деп күлген ақын мен құрбысы, даяшыны келекетпек болады. Сөйтіп, ақыры соңында өздері күлкіге қалған. Өздері білмейтін тамақты сұрап, оның құры суық сорпа екенін көрген олар өздерінше ашуланған. Алайда, бұл өз қателері екенін кейін ғана түсінеді. 

"Ууфф" деп атып шықтым мен де. Сонымен Төле бидің бойындағы бір асханаға кіріп кеттік. Ол жерден тойып шығуға ақша былай да былай жетіп тұр. Алшаңдап кіріп бардық! Смело заказ беріп отырмыз. Бір кезде подругам ішін басып күлсін келіп. "Әй не болды" десем "Мына мәзірді қандай тупой жазған, окорочканы окрошка деп қойыпты" деп өліп күліп жатыр. "Ой, позор" деп мен қосылдым оған. Даяшы қызды шақырып алып есімізді жимаған күйі "Окрошка 2 порция" дедік. Типа мазақтаған түріміз ғой енді. Сонымен сәлден соң алдымызға түсініксіз бір тамақ келді. Не сорпаға, не айранға ұқсамайды. Ішінде бірдемелер жүр тағы. Алдымен мен ішіп көрдім. Мұздай! Баж ете калдым, "администаторды шақырыңдар" дедім, ол келді", - дейді Айнұр Тұрсынбаева. 

Осылайша  өткенін есіне алған Айнұр Тұрсынбаева әкімгерге шағым жасап, бүкіл асхананы күлдірген. Жұрт ақынның "окрошка" мен "окорочканы" шатастырғанына таңқала езу тартқан. Анда-санда сол студент Айұрды еске алып, ақын да күліп алатын көрінеді. 

"Мынау не сұмдық! Біздің тауығымыз қайда! Мына мұздай сорпаны тым болмаса ысытып әкелмейсіңдер ме?!" деп дікілдеп жатырмын. Бір кезде тек администратор емес асханада отырған бүкіл жұрт шуылдап күліп кетсе бола ма?! Жынды ма деп қоямыз. Сонымен даяшы қыз құлағыма сыбырлап "бұл окрошка деген суық сорпа ғой" дейді. Үндемей отырып ішіп алдық. Сүмірейіп жатақханаға қайтып келе жатсақ құрбым "Ботагөзден шәй іше салу керек еді" деп міңгірлейді. Күлгеннің көкесі сол жерде басталды. Есіме түссе әлі сол, есім шығып күлемін", - дейді Айнұр Тұрсынбаева. 

Талқылау